Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Бүгін «Қазмедиа» орталығында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков бір жыл ішінде ақпарат саласында тындырылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді, деп хабарлдайды Baq.kz тілшісі.
Белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде ақпарат саласына кезінде тиісті мән берілмей, түрлі ведомствоның жетегінде жүрген аянышты күйін еске алды. Қазір бұл саланың иесі де, киесі де бар екенін мақтанышпен жеткізді.
«Бүгін, енді, ақпарат саласының атқарған ауқымды істері жөнінде министріміздің баяндамасында толық айтылды. Іштей қуанып отырмын. Ақпарат саласы – мемлекеттің қауіпсіздігі. Осы саланы ақылға сыймайтындай, әрбір министрліктің қойын-қонышына тығып қойып, ақпарат саласын кім басқарады, кімге қараймыз, кіммен ақылдасамыз деп жұмыс таба алмай дал болған кездеріміз болды. Мен даусымды шығарып бір-екі рет мақала да жаздым. Қазір, Құдайға тәуба, бұл саланың киесі де, иесі де бар. Көп табыстарға жетеміз деп ойлаймын. Табыстардың бәріне қуанып отырмын», - деді Мырзатай аға.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!