BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық шенеуніктер үй және шипажайдағы демалыспен қамтамасыз етіледі

Фото: news.ykt.ru

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілердің бағасы арзандатылған үйлермен және өзге де жеңілдіктермен қамтамасыз етілетіндерін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kaztag.info сайтына сілтеме жасап.

«Агенттік мемлекеттік қызметшілердің тұрғын үй алуда жеңілдіктерге ие болып, жергілікті медициналық қызметті тегін алып, санитарлық шипажайларға арзандатылған бағамен барып және балабақшада тегін орындармен қамтамасыз етілуін қадағалайды», – дейді ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің төрағасы Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, агенттіктің қазіргі мақсаты – «Б» корпусындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын жақсарту. Мұнымен қатар, ол мемлекеттік қызметшілердің жетекшілерден көрген қысымы туралы шағымдарының заң аясында, барынша әділетті түрде қарастырылатынын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер