BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау өте төмен – бас дәрігер

Фото: Atameken Business Channel

Бұл туралы Үкіметте «ҚР онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар туралы» баяндама жасаған ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Кешенді жоспардың мақсаты – қатерлі ісіктердің ауыртпалығын төмендету, алдын алуды дамыту, және қауіп факторларын басқару, онкологиялық аурулардың жоғары тиімді ерте диагностикасы, онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу, онкологиялық көмекті цифрландыру, кадрлық әлеует пен ғылымды дамыту.

«Қазақстандан соңғы 10 жылда қатерлі ісік аурулары 9,5% ұлғайған, өлім-жітім көрсеткіші 28,5% төмендеген. 2017 жылдың қорытындысына сәйкес, алғаш анықталған қатерлік ісік аурулары бойынша 35 мың науқас тіркелді. Ал, барлық онкологиялық ауруға шалдыққандардың саны 171 мыңнан астам адамды құрады. Сырқаттаушылық құрылымда сүт безінің, өкпенің, асқазанның аурулары негізгі үлесті құрайды. Науқастардың 70% еңбекке қабілетті адамдар екені анықталып отыр», - деді сөз басында бас дәрігер.

Сонымен қатар, ол онкологиялық аурумен күресуде елімізде барынша жағдай жасалып жатқанынан қарамастан, шешімін таппай жатқан мәселелер бар екенін атап өтті.

«Бізде қатерлі ісікті ерте диагностикалау өте төмен. Бұл ЭЫДҰ елдерірінің көрсеткішінен үш есе төмен. Ал скринингтік талдау бізде 50% құраса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша ол 70 % болуы шарт», - деді Елжан Біртанов.

Кешенді жоспар бойынша Астанада онкологиялық көмек көрсетудің үйлестіруші рөлін іске асыратын Ұлттық онкологиялық орталықты құру көзделген.

«Кешенді жоспарды іске асыруға 35,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде: халықтың нысаналы топтарын скринингтермен қамтуды ұлғайту арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, диагностика мен ісікке қарсы емді бақылау үшін ПЭТ зерттеулері қызметтерін ұлғайтуға, онкологиялық ауруларға күдігі бар пациенттердің диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға, қатерлі ісіктерге молекулярлық-генетикалық тестілеуді енгізуге, телепатология арқылы диагностиканың күрделі жағдайларына халықаралық консультациялар жүргізуге бағытталады», - дейді Елжан Біртанов.

Бұдан өзге министр онкологиялық ұйымдар үшін орталық цитостатистикаты орталықтан сұйылтуға арналған жабдықтарды сатып алуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл антисептикалық дәрілерді тиімді, қауіпсіз және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда министрлік медицина саласына IBM Watson for Oncology жасанды зердені енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Аталған алаң онкологтарға дәлелденген медицинаның негізінде жеке емдеу әдісін ұсынып, онкологиялық сараптауға, шетелдік медициналық оқулықтарға қол жеткізеді.

Елжан Біртановтың айтуынша, кешенді жоспарды іске асыру үшін жеке инвестициялар тартылатын болады.

«Осы мақсатта мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің механизмдерін пайдалана отырып, 149 бірлік жабдық сатып алу жоспарланған. Министрлік онкологиялық қызметтің инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарды қарастыруға және ынтымақтастыққа дайын. Осыған байланысты біз жергілікті атқарушы органдарды жеке сектормен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға шақырамыз», - дейді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер