Қазақстанда тыйым салынған Есiрткi заттарының ұлттық тiзiмiн үкiмет бекітеді - Үкімет|25 Шілде 2017, 12:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда тыйым салынған Есiрткi заттарының ұлттық тiзiмiн үкiмет бекітеді

Фото: Арман Мұқатов

Елiмiзде тыйым салынған есiрткi заттарының Ұлттық тiзiмiн үкiметтiк деңгейде бекiту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкiмет отырысында ҚР Iшкi істер министрi Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

ҚР Iшкi iстер министрлiгi жаңа синтетикалық есiрткiге тыйым салу бойынша түзетулер енгiзбек. Қасымов өз сөзiнде Қазақстан да өзге елдер сияқты синтетикадан жасалған жаңа психобелсендi заттардың таралу қаупiмен бетпе-бет келiп отырғанын атап өттi. Бұл заттардың нарығы олардың жаңа түрлерiмен тез толығуда. Сондықтан, оған уақытылы шара қолдану, соның iшiнде елде оның барлық түрiне тыйым салу, заңсыз айналымнан алынған «қылмыстық салмақтың» мөлшерiн бекiту қажеттiгi туындайды.

«Алайда, мұндай тыйым салу механизмiн енгiзу - айтарлықтай ұзақ процесс. Тыйым салынған есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың Ұлттық тiзiмi заңмен бекiтiледi. Оған түзетулер енгiзу бiраз уақытты қажет етедi. Бұл жаңа психобелсендi заттардың таралу қаупiн күшейтедi. Сондықтан, халықаралық тәжiрибенi зерттеп, елiмiздiң Конституциялық кеңес қорытындысын алғаннан кейiн Үкiметтiң қаулысымен тыйым салынған есiрткi құралдарының Ұлттық тiзiмiн бекiту туралы шешiмге келдiк. Бұл өз кезегiнде нарықта пайда болған психобелсендi заттардың жаңа түрлерiмен жедел күрес жүргiзуге мүмкiндiк бередi», - дедi министр.

Қасымов Қылмыстық кодекс пен «Есiрткi құралдары туралы» Заң жобаларына енгiзiлетiн түзетулердi де атап өттi. Мәселен, Ұлттық тiзiмдi бекiту бойынша Үкiметтiң тiкелей құзыретiнің айқындалуы. Есiрткi құралдары тiзiмi мен оларды шағын, iрi және аса iрi мөлшерлерге жатқызу жөнiндегi Құрама кестенi Үкiметтiң бекiтуi. Сондай-ақ, есiрткiнiң Ұлттық тiзiмi мен Құрама кестесi айтарлықтай қауiптi 88 психобелсендi заттармен толықтырылуы. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерi мен БҰҰ Есiрткiнi қадағалау жөнiндегi халықаралық комитетiнiң бақылауындағы барлық синтетикалық есiрткiлер тiзiмiн қамтуға мүмкiндiк бередi. Заң жобаларында басқа да түзетулер қарастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер