Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 5,2% өсті  - Үкімет|10 Шілде 2018, 15:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 5,2% өсті 

Елімізде өнеркәсіп өндірісі 5,2% артты. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Экономикалық процестердің дамуы теңгерімді өсуінің арқасында тұрақты сақталуда. Экономикалық қызметтің барлық сегменттерінде оң серпін байқалып отыр. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсуі 4,1% құрады. Жалпы экономиканың көтерілуінің инфляциялық процестерінің жалғасып келе жатқанының бәсеңдеуі және жоғары инвестициялық белсенділігі аясында болып отыр», - деді министр.

Сүлейменов елдегі инфляция көлемі айтарлықтай төмендегенін және жылдағы ең төмен мәнге, яғни, 2,6% жеткенін айтты.

«Негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша жоғары өсу үрдісі сақталуда. Оның өсуі 25,8% құрады. Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 0,9% артып, 89,9 млн АҚШ долларына дейін жетті. Өнеркәсіп өндірісі 5,2% артып, осы қарқындар сақталуда. Тау-кен өндіру өнеркәсібі 5,5% өсті. Бұл өсу негізінен Қашағанда мұнай өндіру жұмыстарының асыра орындалуына байланысты болып отыр. Жоспарланған 4,9 млн тоннаның орнына 6,2 млн тонна өндірілді», - деді Сүлейменов.

Ведомство басшысы атап өткендей, өңдеу өнеркәсібі серпінінің тұрақты өсуі байқалады және алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша мұндағы өсу қарқыны 5,2% құраған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер