Фото: Kapital.kz
Елiмiзде өндiрiлген уран түгелдей әлемдiк нарыққа, бiрiншi кезекте Қытай, Еуропа,Үндiстан, Канада мен АҚШ-қа экспортталады. Iшкi нарықта уран өнiмi еш жерге өткiзiлмейдi. Бұл туралы Мәжiлiсте «Уран өнеркәсiбiнiң дамуына» арналған Үкiмет сағатында ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Қазақстан 2009 жылы уран өндiрiсi бойынша әлемде бiрiншi орынға шықты және әлемдiк уран нарығында көшбасшылық ұстанымын сақтап келедi. 2016 жылы уран өндiрiсiнiң көлемi 24 мың 70 тоннаны құрады және 2009 жылмен салыстырғанда ол 76 пайыз өсiм көрсеттi. Қазақстан Республикасының аумағында уран өндiрiсi «Қазатомөнеркәсiп» еншiлес және бiрлескен кәсiпорындары арқылы жүзеге асады. «Қазатомөнеркәсiп» өндiрушi кәсiпорындарының құрамына бiрнеше елдiң компаниялары мен бiрлескен кәсiпорындары кiредi. Ондағы қазақстандық ұлттық компанияның қатысу үлесi 30-65 пайызды құрайды», - дедi Бозымбаев.
Министрдiң айтуынша, қазiргi уақытта Қазақстанда өндiрiлген уран түгелдей әлемдiк нарыққа, бiрiншi кезекте Қытай, Еуропа,Үндiстан, Канада мен АҚШ-қа экспортталады. Iшкi нарықта уран өнiмi еш жерге өткiзiлмейдi. 2016 жылы әлемдiк табиғи уран нарығында 80 пайыз уран өнiмi 5 елде өндiрiлдi. Олар - Қазақстан, Австралия, Канада, Нигерия және Ресей. Әлемде өндiрiлген барлық табиғи уранның 39 пайызы Қазақстанның үлесiне тиесiлi.
«Әлемдiк уран нарығындағы қиын жағдайға қарамастан Қазақстан дүниежүзiлiк нарықта көшбасшылық ұстанымын сақтауға ниеттi», - деп түйiндедi Энергетика министрi.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!