Қазақстанда машина жасау өнідірісінің көлемі 12,2%-ға артты - Үкімет|28 Маусым 2018, 13:16
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда машина жасау өнідірісінің көлемі 12,2%-ға артты

2018 жылдың 5 айында машина жасау өнідірісінің көлемі 12,2%-ға артты. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанның машина жасау саласы 2015-2016 жылдары дамудың күрделі кезеңдерінен өтіп, былтырдан бері өсім динамикасын көрсетіп келеді. Өсім қарқыны әсіресе автомобиль жасау саласында байқалып отыр.

«Өндірістің күрт өсуіне нарықтағы сұраныстың қалпына келуі, экспорттық нарықтардың ашылуы, сондай-ақ автокөлік секторының дамуына оң әсерін тигізетін жеңілдетілген автокредиттер бағдарламасы себеп болды. 2017 жылы әр үшінші сатылған автомобиль отандық кәсіпорындарда шығарылды. 2018 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша автомобиль жасау өндірісінің көлемі 71,5 млрд теңгеге жетті. Сектордың НКИ қаңтар-мамырда 182,3%-ды құрады», - деп атап өтті Алмас Батанов.

Отандық автоөндірушілер нарықтың қалыпқа келуіне байланысты автомобиль өнідірісін арттыруды жалғастыруда. Былтыр 1548 автомобиль экспортталды.

Бұдан бөлек, электротехникалық машина жасау өнідірісіндегі өсім жалғасуда (трансформаторлар, аккумуляторлар, кабельді-өткізуші өнімдер және т.б.). Бұл өндіріс басқа инженерлік салалармен салыстырғанда тұрақты динамикалық өсімімен сипатталады.

2018 жылдың 5 айында электр техникалық машина жасау өндірісінің көлемі 44,8 млрд теңге болып, сектордың НКИ 155,2%-ды құрады.

«Секторда саланың ең ірі ойыншыларының өсуі байқалады. «Қайнар-АКБ» ЖШС - өндірісінің 50%-дан астамы экспорттық нарықтарға жіберіледі. «Alageum Electric» АҚ Қазақстандағы трансформаторлар өндіретін 4-ші зауытты салып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстаннан тыс жерде де (Тәжікстан) өндірісті дамытуды жоспарлап отыр», - деді комитет төрағасы.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында 750 жүк вагоны шығарылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер