«Қазақстан тарихы» пәнi ҰБТ-дан алынбайды. Бұл туралы бүгiн Үкiметте ҰБТ-ның жаңа форматы талқыланған отырыста ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Қазақстан тарихы» пәнi ҰБТ-дан алынбайды. Бұл туралы бүгiн Үкiметте ҰБТ-ның жаңа форматы талқыланған отырыста ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«ҰБТ-ның жаңа форматын талқылаған кезде ұсыныстар болды. Соның бiрi - «Қазақстан тарихы» пәнiн ҰБТ-дан алып тастау. Шын мәнiнде, бұл пән екi рет - мектепте және ҰБТ кезiнде тапсырылады. Бiрақ бiз «Қазақстан тарихын» қалдыру керек деп есептеймiз. Өйткенi қоғамның пiкiрi бойынша бұл пән де маңызды, сондықтан ҰБТ-да болуы тиiс», - дедi Е.Сағадиев.
Айта кетейiк, 2017 жылдан бастап ҰБТ жаңа форматта болады. Мектепте оқушылар емтихан тапсырып, қорытынды аттестациядан өтедi. Ал жоғарғы оқу орнына түсу үшiн ұлттық бiрыңғай тестiлеу тапсырады.
«Қоғам ҰБТ-ны тек жоғары оқу орнына түсу емтиханы ретiнде қабылдайды. Бiрiншi күннен бастап ҰБТ мектеп бiтiру емтиханы ретiнде өзiнiң функциясын орындамай отыр. Оған ешқашан түлектердiң 100 пайызы қатысқан емес және жыл сайын оған қатыспайтын балалардың саны 30 пайызға жетiп отыр», - дедi министр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!