Бүгiн ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев және Аргентина Республикасының БАҚ және қоғамдық пiкiр министрi Эрнан Ломбарди БАҚ саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiздiң ойымызша ақпарат жыл өткен сайын ғаламдық сипат алып бара жатыр. Бiздi Қазақстан Орталық Азияға қақпа ретiнде қызықтырса, өз кезегiнде Аргентина да Қазақстан үшiн Латын Америкаға шығатын қақпаға айналады деген үмiттемiз. Сондай-ақ, бiздi драма, мелодрама мен комедия сияқты түрлi жанрдағы қазақстандық фильмдер мен телехикаялар қызықтырады. Осындай телетуындылармен алмасуға болар едi. Бүгiн қол қойылған меморандум жаңалықтармен, оның iшiнде спорт оқиғаларымен бөлiсуге ықпал етпек. Сондай-ақ, келiсiм журналистердi даярлау саласында тәжiрибе алмасуға мүмкiндiк бередi», - дедi Ломбарди.
Министр сөз соңында қазақстандықтар мен көрме қонақтарын Аргентина павильонын тамашалауға шақырды.
Атап өтсек, Қазақстан мен Аргентина арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылдан бастап қалыптасқан.
ФОТО: АБЗАЛ ҚАЛИЕВ
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!