ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Корея Республикасына жұмыс сапары аясында электронды үкіметтің жаһандық форумына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Корея Республикасына жұмыс сапары аясында электронды үкіметтің жаһандық форумына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz.
Іс-шара мемлекеттік қызметте инновацияны енгізуге қатысты түрлі мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді және осы мәселелерде жетекші орынға ие болып отырған елдердің тәжірибелерін қабылдауға көмектеседі. Корея Республикасының Үкіметтік әкімшілігі және ішкі істер министрлігі мен ЭЫДҰ, мемлекеттік басқару саласындағы БҰҰ жобаларының орталығы (UNPOG) форумның ұйымдастырушылары болып табылады. Форумның салтанатты ашылуында алғы сөзбен ЭЫДҰ мемлекеттік хатшысының орынбасары азаматша Мари Кивиниеми сөз сөйледі.
Аталған форум аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Корея Республикасының Мемлекеттік басқару және ішкі істер министрлігі арасында электронды үкімет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Дәурен Абаев пен Хонг Юн-сик қол қойды.
Аталған меморандум ақпараттық-коммуникациялық салада Корея Республикасымен ынтымақтастық орнатуда жаңа қадам болуы тиіс. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда болжамды мақсаттарға қол жеткізуге сеп болып, сондай-ақ тәжірибе алмасуға, инвестиция тартуға және АКТ жобаларын іске асыруда консультациялық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді деп жоспарлануда.
Құжатқа қол қою кезінде тараптар АКТ саласында халықаралық ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті. Министр Дәурен Абаев өзінің әріптесін ресми сапармен Қазақстанға келуге шақырды.
Бұдан басқа, форум алаңында министр Ұлттық банктің АКТ жобаларының басшысы Джейн Трейдвэлмен кездесті. Онда ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі, сондай-ақ одан әрі өзара іс-қимылдың келешегі талқыланды.
Сонымен қатар, Кореяға сапар аясында ҚР АКМ мен «Зерде» холдингі делегациясының Korea Expressway Corporation және ISAN Corporation компанияларымен жұмыс кездесуі өтті. Қазақстандық тарапқа «Smart highway» бойынша шешімдер таныстырылды, сондай-ақ жолдардың ағымдағы жай-күйінің деректер талдауын пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде Smart highway компоненттерінің тәжірибелік көрсетілімі өткізілді. Қосымша ретінде, Оңтүстік Кореяның барлық автомагистральін қамтитын, кешенді ақылды жүйеге интеграциялаудың техникалық шешімдері мен мүмкіндіктері егжей-тегжейлі көрсетілді. Кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық тарап аталған компанияларды «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға шақырды.
Корея Республикасы электронды үкіметті дамыту мен енгізу жағынан әлемнің көшбасшысы болып табылады (2010, 2012, 2014 жылдары E-Government Global Survey БҰҰ есебі бойынша 1 орын, 2016 жылы 3 орын). Қазіргі уақытта Корея Республикасы «Үкімет 3.0.» саясаты - мәліметтерді бірлесіп пайдалануға, ашықтыққа, коммуникацияға және ынтымақтастыққа бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеуде.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!