Т.Сүлейменов: Қазақстан экономикасы нығайып келеді - Үкімет|03 Ақпан 2017, 20:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Т.Сүлейменов: Қазақстан экономикасы нығайып келеді

2016 жылы Қазақстан экономикасы 1%-ға нығайды, соған орай негізгі өнеркәсіптік және бірқатар өндірістік көрсеткіштердің өсімі байқалды. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының барысында белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндағандай, 2016 жылы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер сыртқы жағымсыз факторлардың ықпалына қарамастан, оң деңгейінде сақталды.

Өткен жылдың басында тауарлық нарықтарда әлемдік бағалар біршама төмендеді. Алайда, соған қарамастан, «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасының, салалық бағдарламалардың, Үкімет пен Ұлттық банктің Дағдарысқа қарсы жоспарының аясында қабылданған шаралар еліміздегі экономикалық өсім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы ЖІӨ өсімі 1,0% құрады.

Өткен жылы экономиканың өсіміне ауыл шаруашылығы (өсім 5,5%), көлік (3,8%), өңдеу өнеркәсібі (0,7%), құрылыс (7,9%) тәрізді салалар оң ықпалын тигізді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың қорытындылары бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 5,1%, 7,7 трлн теңгеге дейін артты. Инвестициялардың айтарлықтай өсімі ауыл шаруашылығында, тау-кен өнеркәсібінде, саудада, сонымен қатар жылжымайтын мүлікпен операцияларда байқалды.

«Біздің болжамдарымызға сәйкес, ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша экономиканың 2% кем емес өсіміне үміт артып отырмыз. Салалар бойынша машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, азық-түлік өнімдерін өндіру едәуір өсім береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында, құрылыс секторында, көлік пен логистикада одан әрі өсім болады деп болжап отырмыз», - деп нақтылады Т. Сүлейменов.

Министр биылғы жылы ведомствоның ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының аясында берілген тапсырмаларды, басымдық берілетін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға басты назар аударатынын, сонымен қатар бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту жұмыстарын әрі қарай жалғастыратынын баяндады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер