Кәсіпкерлікті қолдау картасында экспортқа бағдарланған жобалар аз - Үкімет|22 Тамыз 2018, 13:09
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Кәсіпкерлікті қолдау картасында экспортқа бағдарланған жобалар аз

Фото: ашық дереккөзден

Кәсіпкерлікті қолдау картасында экспортқа бағдарланған жобалар аз. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Министрлік Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрақты негізде Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасының жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді. 2018 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасына 119 жоба енгізілді. Өңірлердің инвестициялық белсенділігіне байланысты 2017 жылмен салыстырғанда 107,2% өсім байқалады. Сонымен қатар, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Кәсіпкерлікті қолдау картасының бар болғаны 18 жобасы жүзеге асырылды, 2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 25%-ға төмендеу байқалады. Бұл маусымдық жағдайларға, тендерлік рәсімдерге, жергілікті уәкілетті органдарға құжаттаманы толық емес беруге байланысты. Бұл ретте, әдеттегідей, Картаның 60-70% астам жобасы негізінен екінші жартыжылдықта пайдалануға беріледі. Бұл жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама алумен, материалдар мен жабдықтарды жеткізумен, инженерлік инфрақұрылымды жүргізе отырып, сондай-ақ, жобада құрылыс-монтаждық және іске қосу-жөндеу жұмыстарын аяқтаумен байланысты», - деді министр.

Сүлейменовтың айтуынша, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жобалар негізінен құрылыс секторында, жеңіл және химия өнеркәсібінде немесе сомасы 187 млрд. теңгеге жоспарланған жобалардың жалпы санының 15% іске асырылып, 1,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

«2018 жылғы бірінші жартыжылдықта өңдеу секторы өндірісінің жалпы көлемінде Кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының үлесі 1,9% құрады. Бұл ретте, Карта жобаларына шамамен 187 млрд теңге инвестицияларды ескерумен, өндіріс көлемі 2018 жылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 53,6 млрд. теңгені құрады. Яғни, 1 теңге инвестицияға өндірістің 0,3 теңгесі тиесілі. Бұл жобалардың осы жылдың басынан бастап қана іске асырылуына байланысты. Сонымен қатар, іске асырылған Карта жобаларының экспортқа бағдарланғандарының үлесі төмен, ол шамамен 11% құрайды», - деді министр.

Ведомство басшысы кәсіпкерлікті қолдау картасына жобаларды іріктеу Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес жүргізілуі тиіс екендігіне әкімдіктердің назарын аударды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер