2017 жылы «Қазконтент» интернет ресустарды трансформациялауды одан әрі жалғастыратын болады. Бұл туралы кеңейтілген алқа отырысында аталмыш компанияның төрағасы Шыңғыс Шарапиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
2017 жылы «Қазконтент» интернет ресустарды трансформациялауды одан әрі жалғастыратын болады. Бұл туралы кеңейтілген алқа отырысында аталмыш компанияның төрағасы Шыңғыс Шарапиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Біз шығарып отырған өзіндік эксклюзивті контенттің жылдық көлемі келесі көрсеткіштерге ие болып отыр. Олар: 16 мыңнан астам материал, 15 мың фото-сурет, 130 сағат бейне материал, 70 онлайн конференция және 418 инфографиялық материал», - деді ол.
Контенттің жылдық көлеміне тоқталған Шыңғыс Шарапиев компанияның өткен жылы атқарған жұмыстарына да айтып өтті.
«2016 жылдың қаржылық көрсеткіштері де жоспарланған көрсеткіштерден едәуір жоғары. Айрықша айта кететін жай, жаңадан құрылған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Қазконтент» АҚ-ның алдында 3 негізгі KPI-ды белгілеген. KPI дегеніміз тиімділіктің маңызды көрсеткіштері. Бірінші жетістігіміз, аудиторияның көбеюі. Бұл біздің басты мақсатымыз. Екінші, интернет ресурстарды трансформациялау. Бұл бағытта 2016 жылы интернет ресустар редизайннан өтті. Функцияналдық мүмкіндіктері өзгерді», - деді төраға.
Осы орайда төраға интернеттің кең мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сайттарға жаңа міндеттер қойылғандығына да тоқталды.
«BNews.kz» және «Baq.kz» сайттары ақпараттық агенттік мәртебесін сақтай отырып, сарапшы жаңалықтар форматына өтті. Е-Нistory сайтының базасында National Digital History жобасы іске қосылды. Бұл жерде Қазақстан тарихы бойынша материалдар заманауи ғылыми танымдық үлгіде беріледі. Жаңартылған әдебиет порталы интернеттің кең мүмкіндіктерін ескере отырып, әдебиет хабаршысының барлық қасиеттерін өз бойына жинақтады», - деді басшы.
Сөз соңында Шыңғыс Шарапиев осы жылы компанияда қандай жұмыстар атқарылатындығын айтып өтті.
«2017 жылы біз интернет ресустарды трансформациялауды одан әрі жалғастырамыз. Онда сайттың сыртқы редизайынан басқа басты назар навигация мен оқырмандарға материалдарды ұсыну форматтары жетілдірілетін болады», - деді «ҚазКонтент» АҚ төрағасы.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!