Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов вагондары жолдан шығып кеткен «Астана-Алматы» пойызының машинсі ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов вагондары жолдан шығып кеткен «Астана-Алматы» пойызының машинсі ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Осыған дейін отандық БАҚ теміржол апатына ұшыраған «Астана-Алматы» пойызын басқарған машинистің ұсталғанын хабарлаған болатын.
«Машинст ұсталды дегенді кім таратып жүр? Бұл - нағыз жалған ақпарат. Оны жәй ғана жауапқа алды да, содан соң босатты», - деді Қасымов Үкімет отырысынан кейін кулуарда.
Министр машинистің кінәсі бар-жоғы туралы сұраққа қысқаша жауап қайырды.
«Бұл дегеніміз үлкен қылмыстық іс, сараптама жүргізіліп жатыр», – деді ол.
Сондай-ақ, инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ешкімнің ұсталмағанын растады.
«Ешкім ұсталған жоқ. Осы мәселеге қатысты баспасөз назары ауғанда кінәліні іздемейді деп ойлаймын. Тергеу жұмыстары объективті, жария түрде, ашық жүргізіледі», - деді ол Үкімет кулуарында.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!