BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ИДМ пойыз апатының тергеу жұмыстарын айдың соңына дейін аяқтауға уәде берді

Фото: ашық дереккөзден

Инвестициялар және даму министінің бірінші орынбасары Роман Скляр сейсенбідегі Үкімет отырысында «Астана-Алматы» бағытындағы №9 жолаушылар пойызы вагондарының жолдан шығып кету апатын тергеу жұмыстарын маусым айының соңына дейін аяқтауға уәде етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Күн сайын жүрдек пойыздар қатынайтын Сарыашаған-Шу учаскесінде жолаушылар пойызы апатқа ұшырады. Осыған байланысты министрлігімізде уақытылы диагоностика жүргізуді тұрақты бақылауға алдық. Қанат Алпысбаев атап өткендей, теміржол техникалық регламентке сәйкес, айына екі рет тексеріледі. Соңғы рет 2018 жылдың 6 маусымы күні тексерілген. Ешқандай техникалық ақау анықталмаған. Барлық вагондар 2012-2014 жылы шығарылған, олар өз уақытында техникалық тексеруден және тиісті нормативтік-техникалық құжаттамалардан өткен. Комиссия жұмысына темір жол көлігі саласында ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін ресейлік және қазақстандық жетекші мамандар шақырылды. Тергеу жұмыстарын айдың соңына дейін аяқтап, қорытындысын береміз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 17 маусым күні сағат 13.25-тер шамасында, «Шығанақ-Шу» учаскесінің «Жиделі-Бірлік1» перегонында жолаушылар тасымалдайтын Астана қаласынан Алматы қаласына бағыт алған №9 пойызының 6 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай салдарынан 3 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты. Кейін жолаушылар Шу станциясына басқа пойызбен жеткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер