BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халыққа жылы сөзіміз емес, үйінің жылуы қажет: Сағынтаев тұрғындарды жылумен қамтуды тапсырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы органдарға қатты аязға байланысты халықты жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Биылғы жылыту маусымы елеулі технологиялық ақаусыз қалыпты өтіп жатыр. Бұл мәселе барлық өңір әкімдерінің жіті бақылауында болуы қажет. Кейбір өңірлерде, әсіресе мына біздің солтүстікте қазір қатты аяз болып тұр. Және де алдағы мерекелік күндерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органдарға жылумен, энергиямен жабдықтау, ұйымдарды қажетті көлемдегі отынмен, қажетті материалдармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды қабылдауды және де қосымша техникалық ресурстар тартуды, тиісті ұйымдармен бірге кезекшілік ұйымдастыруды тапсырамын. Бұл күндерде халыққа керегі - біздің айтқан жылы сөздеріміз емес, нақты ісіміз, үйінің жылулығы. Сол себептен жауапкершілікті естеріңізде ұстаңыздар», - деді Сағынтаев Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы осы мәселені бақылауды ұстауды Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминге тапсырды.

Атап өтсек, соңғы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы күрт төмендеп, қатты аяз болып тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер