Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде елдің халықаралық резервтері 1,5% немесе 90,4 млрд долларға дейін ұлғайды. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде елдің халықаралық резервтері 1,5% немесе 90,4 млрд долларға дейін ұлғайды. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ел экономикасында жағымды үрдістер сақталды. Есептік кезеңде ЖІӨ өсуі 4,1% құрады. 2017 жылғы сәйкес кезеңде 3,6% болған. Мұндай серпін өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және көрсетілетін қызметтер саласының өсуімен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, ЖІӨ ұлғаюына инвестициялардың жоғарғы өсімі және төмен инфляциялық процестер септігін тигізуде. Инфляция жыл басынан бері 1,8% құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы сәйкес кезеңнен 0,5% тармаққа төмен. Жылдық мәндегі инфляция 6,6% құрады», - дегенді айтты министр.
Сондай-ақ, еліміздегі өнеркәсіпте де өсу байқалып, бұл өсу көрсеткіші 5,3% құраған. Министрдің айтуынша, бұл ретте өңдеу өнеркәсібі озық қарқынды көрсетіп отыр.
«Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде елдің халықаралық резервтері 1,5% немесе 90,4 млрд долларға дейін ұлғайды. Алтын валюта резервтері 1,1% немесе 31,1 млрд долларға дейін, Ұлттық қор активтері 1,6% немесе 50,3 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Сонымен қатар, өнеркәсіпте де өсу байқалады. Мұндағы өсу 5,3% құраған және бұл ретте өңдеу өнеркәсібі озық қарқынды көрсетіп отыр», - деді Сүлейменов.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!