Фото: Атамекен
2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасында тікелей берілетін субсидиялар алынып тасталып, тек құдықтардың құнын субсидиялау көзделіп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Асыл тұқымды малдың генетикасын қолдана отырып мал тұқымын жақсарту осы бағдарламаның негізгі шарты. Мал азығымен қамтамасыз ету үшін суармалы жерлер маңайына мал бордақылау алаңдарын шоғарландыру көзделеді. Әкімдіктер арқылы берілетін инвестициялар субсидиялар есебінен жабылады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры несиелендіру арқылы мобильді тұрғын-вагон, мал қоры, жылжымалы станок сатып алуға несие беріледі. Тұқымдық түрлендіру үшін асыл тұқымды бұқаны бордақылау алаңдарымен тегін негізде қамтамасыз етіледі. Аналық мал басын сатып алу өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша берілетін несие есебінен жүзеге асырылады. Азық дайындау үшін техника лизингке немесе «Қазагро» арқылы қарызға ұсынылады», - деді ол.
Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі тікелей берілетін субсидиялар алынып тасталған. Бағдарлама тек құдықтардың құнын субсидиялауды көздейді.
«Ет өндірісі кооперация контейнері фермерлерді асыл тұқымды бұқаларамен қамтамасыз ететін репродукторлардан, ірі қара мал өсірумен және бордақылау үшін бұқашықтар сатып алумен айналысатын фермерлер малды қарқынды бордақылаумен айналысатын алаңдардан, дайын өнім шығрумен айналысатын ет комбинаттарынан және өнімдерді диструбициялау орталықтарынан тұрады. Қой етін өндіру технологиясы ірі қара мал шаруашылығына ұқсас құрылым бойынша жүзеге асады», - деді ол.
Оның айтуынша, 1 млн га жерді суландыру үшін су жинау инфрақұрылымдарын қалпына келтіру немесе жаңадан салу қажет. Қаражатты тиімді пайдалану мақсатында потенциалы бар аудандарда су жинау инфрақұрылымын салу ұсынылады. Аталған шараларды жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымдардан қаржы тарту көзделіп отыр. Оның ішінде «Азия даму банкі» осы бағдарламаға қатысуға дайын.
Стратегиялық бағыт – ірі шетелдік инвесторларды ет өнеркәсібіне тарту болып табылады. Қазіргі уақытта қазақстандық нарыққа «Cremonini» компаниялар тобы, австралиялық «Cedar Group», американдық «Global beef» сияқты ірі компаниялар бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп отыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!