Ештеңе білмеймін: Бозымбаев тағы бір вице-министрдің қаржы жымқыруына қатысты түсініктеме берді - Үкімет|08 Қараша 2018, 10:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ештеңе білмеймін: Бозымбаев тағы бір вице-министрдің қаржы жымқыруына қатысты түсініктеме берді Эксклюзив

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның қаржы жымқырғаны туралы білмейтінін айтты.

«Ештеңе білмеймін. Мен де бірінші рет естідім. Мен тек бұның 2015 жылы болғанын естідім. Ал Шкарупа бізге қызметке бір ай бұрын келді. Министрлер вице-министрлерді тағайындамайды. Олар Үкімет қаулысымен тағайындалады. Ол тәжірибелі адам. Менің ойымша, олар анық-қанығына жетеді», - деді Қанат Бозымбаев Сенат кулуарында.

Тағы бір Энергетика вице-министрі қаржы жымқыру күдігіне іліккен еді.

Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне ілікті. Бұл жайлы ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесі отырысында мәлімдеген болатын. Қожамжаровтың айтуынша, ол 2015 жылы Қарағанды облысы Саранда жылуды есептеу құрылғыларын орнатуға бөлінген 215 млн теңгені жымқыруға қатысы бар деген күдікке ілікті. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Анатолий Шкарупа биылғы 9 қазанда ҚР Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Ал бұған дейін Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталған еді. Екеуі де 2018 жылы құрықталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер