Бейсенбі, 27 шілдеде, сағат 15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты бесінші институционалдық реформасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Күн тәртібінде - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты бесінші институционалдық реформасын іске асыру барысы.
ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ төрағасы Абылайхан Оспанов баяндама жасайды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!