Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде ішінде 4 591 адамға 15,6 млрд теңге сомасында микрокредиттер берілген. Бұл жөнінде кезекті үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев мәлімдеді.
«Министрлік «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «ҚазАгро» еншілес компаниялары арқылы ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыру үшін несиелер/микрокредиттер беру жұмыстары жүргізеді. Осы мақсаттар үшін 2018 жылы 44,7 млрд. теңге бюджеттік несие бөлінді, соның ішінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» төрт бастамасы бойынша 13,9 млрд. теңге қосымша қаржы бөлінді», - деді вице-министр.
Евниевтің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылғы 26 қазандағы жағдай бойынша 8 778 микрокредит беріліп, республика бойынша игеру 30,9 млрд теңгені құраған.
«6 717 стартап жобасын іске асыру үшін 21,8 млрд теңгені құрайтын кредиттер берілді. 23 796 адам, яғни, жоспарланған көрсеткіштен 79% оқытудан өтті. Оның ішінде 4 591 адам 15,6 млрд теңге сомасында микрокредиттер алды. 991,3 млн. теңге микрокредиттер сомасына 338 кепілдеме берілді», - деп мәлімдеді ведомство өкілі.
Евниев қазіргі уақытта несиелерге өтінімдердің басым бөлігі кредиттеу ұйымдарында қаралып жатқанын, сәйкесінше, жыл аяғына дейін барлық қаражат бөлініп, жоспарланған көрсеткіштер орындалатынын айтты.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!