Елордада қосымша екі автостанция ашылады - Үкімет|19 Мамыр 2017, 13:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елордада қосымша екі автостанция ашылады

Фото: Шыңғыс Қаппаров

EXPO-2017 көрмесінің өтуіне байланысты маусым айында «Алай» мен «Кең март» сауда үйлерінің маңында қосымша екі автостанция ашылмақ. Бұл жайында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алай» сауда үйі жанындағы автостанция солтүстік пен батыс аймақтарға қатынайтын 31 жаңа рейске жауап береді. Ал осы станцияның «Кең марттың» маңайындағы бөлімшесі оңтүстік пен орталық аймақтардың тұрғындарына қызмет көрсетеді. «Сапаржай» автовокзалы болса, бұрынғы рейстерді одан әрі орындай береді. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, көрме кезінде ел аймақтарынан 472 мыңнан астам адам автобуспен келеді. Яғни, елордаға күн сайын шамамен 5 мың адам автобуспен келіп отырады. Осыған орай рейстердің саны екі есеге артады. Сондай-ақ, қосымша 250 автобус қызмет көрсетеді. Осылайша, күнде 400 автобус көрме қонақтарын тасымалдайды», - дейді Скляр.

Вице-министр өз сөзінде EXPO-2017 көрмесін тамашалауға шамамен 2,45 миллион адамның келетінін айтты. Онымен қоса, 1,8 миллионнан астам адам еліміздің аймақтарынан келеді екен. Жалпы алғанда, елордаға тәулігіне шамамен 20 мың адам келеді деп болжанып отыр.

Сонымен қоса, бүгін вице-министр көрмеге келетін меймандарды өз үйіне келген қонақтардай күту керектігін айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер