Елiмiзде KazSat-2R жерсерігі iске қосылады - Үкімет|05 Маусым 2017, 11:18
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елiмiзде KazSat-2R жерсерігі iске қосылады

Спутниктердi қолдану мерзiмiнiң аяқталуына байланысты KazSat-2 спутнигiн жоспарлы ауыстыру үшiн 2023 жылға қарай KazSat-2R жерсерiгiн жасап, iске қосу көзделiп отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Бейбiт Атамқұлов «ҚР Ғарыш қызметiн дамыту барысы туралы» Үкiмет сағатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiз Қазақстан Республикасы ғарыш аппараттарының орбиталық топтамасын дамыту және кеңейту бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. ҚР ғарыш аппараттарының орбиталық топтамасы бүгiнгi таңда 4 спутниктен тұрады. Ал келесi жылдың басында тағы екi жерсерiкпен толығуы тиiс. KazSat ғарыш байланыс жүйесi екi жер бетiндегi басқару кешенi бар KazSat-2 және KazSat-3 байланыс жүйелерiнен тұрады. Жүйе елдiң бүкiл аумағында спутниктiк байланыс пен телевизиялық таратылымды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, мемлекеттiк органдарды, ұлттық компаниялар, жекеменшiк ұйымдар мен шалғайдағы ұялы байланыстың базалық стансаларының жұмысын мәлiметтермен қамтиды», - дедi Б.Атамқұлов.

Министрдiң айтуынша, «Otau tv» телеарнасының 1 млн астам абонентi сервистердi KazSat-3 спутнигi арқылы алады. 2017 жылғы маусымдағы жағдайға сәйкес, отандық байланыс және хабар тарату операторлары желiлерiнiң 99 пайызы шетелдiк спутниктерден KazSat сериялы қазақстандық спутниктерге көшiрiлген. Нәтижесiнде елдiң ақпараттық қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлiп, шетелдiк компаниялар үлесi азайған.

«KazSat жүйесiн пайдалану кезеңiнде шетелдiк спутниктердiң ресурстарын пайдалануды қысқарту 14,7 млрд теңге табыс әкелдi. Қазiргi кезде бiзде KazSat жүйесiнiң спутниктерi болмаған кезде тұтынушыларымыз шетелдiк жерсерiктердi пайдаланғаны үшiн 45 млн АҚШ долларын төлеушi едi», - дедi Бейбiт Атамқұлов.

Министрдiң айтуынша, спутниктердi қолдану мерзiмiнiң аяқталуына байланысты KazSat-2 спутнигiн жоспарлы ауыстыру үшiн 2023 жылға қарай KazSat-2R жерсерiгiн жасап, iске қосу көзделiп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер