Биыл елімізде жануарлардың аса қауіпті ауруларының 23 ошағы тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Биыл елімізде жануарлардың аса қауіпті ауруларының 23 ошағы тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Елімізде былтыр жануарлардың аса қауіпті ауруларының 36 ошағы тіркелсе, биыл сондай ошақтардың 23-і тіркелді. Республикадағы жалпы эпизотиялық жағдай тұрақты. Бұл аурудың 36 пайызға төмендегінін көрсетіп отыр» - деді ол.
Сонымен қатар, вице-министр тиісті органдардың арасында ветеринариялық қызметке қатысты іс шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті.
«Бірігіп атқарылатын іс шаралар жануарлар ауруларының динамикасының төмендеуіне оң әсерін тигізеді. 2017 жылғы ветеринариялық-профилактикалық іс шараларға сәйкес 17 аса қауіпті ауруға қарсы 150 миллионға жуық екпе жасау жоспарланған. Сондай-ақ, жануарлардың қауіпті ауруларына қатысты 70 млн. диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізіледі», - деп түйіндеді сөзін Айтуғанов.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!