ЕЭК кеңесінің отырысында дәрі-дәрмектердің ортақ нарығын құру мәселесі қаралды - Үкімет|03 Қараша 2016, 20:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ЕЭК кеңесінің отырысында дәрі-дәрмектердің ортақ нарығын құру мәселесі қаралды

Фото: gmpnews.ru

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен видеоконференция байланысы режимінде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одақтың әрі қарай дамуының өзекті мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шарт жобасының мәселелері қаралды. Басты назар емдік дәрі-дәрмектердің ортақ нарығын құру мәселесіне аударылды. Халықаралық стандарттарға негізделген емдік дәрі-дәрмектердің ортақ нарығын құру фармацевтика өнімдерінің саудасын кеңейтуге жағдай жасайды.

Жалпы, тараптар отырыстың күн тәртібіне қойылған мәселелерді одан әрі талқылауға уағдаласты.

ЕЭК кеңесінің кезекті отырысы осы жылдың қараша айының соңына жоспарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер