Дүйсенова: Мүгедек балаларды оқыту бағдарламасын қайта қарау керек - Үкімет|16 Мамыр 2017, 12:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Дүйсенова: Мүгедек балаларды оқыту бағдарламасын қайта қарау керек

Фото: Астана ақшамы

Елiмiздегi мүгедек балаларды арнайы оқыту бағдарламасы мен олардың мамандық алу мүмкiндiгiн қайта қарау керек. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова Үкiмет отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Мүгедектердiң бiлiм мен жұмысқа қолжетiмдiлiгi – қазiргi маңызды бағыттардың бiрi. Бүгiнгi күнi 145 мың баланың дамуы шектелген. Олар үшiн бiлiм берудiң барлық деңгейiне инклюзивтi бiлiм бағдарламасы енгiзiле бастады. Жүзеге асып жатқан шаралар мүмкiндiгi шектеулi балалардың шамамен 43 пайызын қамтуға мүмкiндiк бердi. Сондай-ақ, қазiргi таңда 77 мыңнан астам мүгедек бала үйiнде бiлiм алып жатқанын атап өткен жөн. Бұл бiр жағынан Үкiмет пен жергiлiктi билiктiң баланы үйде тәрбиелеу жұмысының нәтижесi болса, екiншi жағынан балғындардың қазiргi үйде арнайы оқыту бағдарламасы мен олардың мамандық алу мүмкiндiгiн қайта қарау керек. Себебi, аталған санаттағы азаматтардың бiлiмi төмен және мамандығы жоқ болғандықтан оларды жұмыспен қамту қиын. Осыған байланысты, Бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен Инклюзивтi бiлiмдi дамытудың кешендi бағдарламасына сәйкес өзгерiстер енгiзу керек. Ал жергiлiктi билiк осындай балалардың бiлiммен қамтылуын қамтамасыз етуi тиiс», - дедi Дүйсенова.

Министр өз сөзiнде еңбекке жарамды мүмкiндiгi шектеулi азаматтарды жұмыспен қамту үшiн қажеттi шаралар қолға алынып жатқанын айтты.

Айта кетейік, Тамара Дүйсенова Үкiмет отырысында балалар арасында мүгедектiк көрсеткiшi әлi жоғары екенiн мәлімдеген еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер