Дубайдағы Annual Investment Meeting-те Қазақстанның павильоны ұсынылды - Үкімет|10 Сәуір 2018, 15:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Дубайдағы Annual Investment Meeting-те Қазақстанның павильоны ұсынылды

Фото: primeminister.kz

Бүгінде Дубайдағы дүниежүзілік сауда орталығында «Annual Investment Meeting» халықаралық конференциясы өтуде. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетіп, іскерлік кездесулерді өткізу мүмкіндігімен қазақстандық павильонды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан мен БАӘ-нің қатынастарының тарихы үлкен. Біз осы биылғы іс-шарада қазақстандық делегацияны қарсы алуға қуаныштымыз. АІМ көрмесінің басшылығы Қазақстанның делегациясына кездесуді сәтті өткізу үшін қолдау көрсетуге дайын. Бұл Қазақстанға трансұлттық компанияларды тартуға арналған үлкен платформа. Біз сіздердің осы іс-шарадан барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізгендеріңізді қалаймыз», - деді «Annual Investment Meeting» президенті Дауд Аль Шезави.

Қазақстандық делегацияны 15-тен аса ірі отандық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері ұсынады.

Бұдан басқа, форумның алаңдарында 141 шет елдерінің қатысуымен елдік павильондардың көрмесі өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасы павильонының аумағында шет елдерінің бизнес қоғамдастықтарымен елге инвестицияларды тартуға қатысты екі жақты кездесулерді өткізу мүмкіндігімен «Kazakh Invest» ұлттық көрме павильонымен ұсынылған.

«Біз Дубайдағы Дүниежүзілік сауда орталығында Қазақстан павильонына бардық, өйткені естуіміз бойынша Қазақстанда бизнес пен нарық өте дамыған және біз Сіздердің елдеріңізде бизнесіміздің болғанын қалаймыз. Қазіргі уақытта біз бүкіл әлем бойынша бизнес серіктестерді іздеудеміз, әсіресе Таяу Шығыста, Италияда, Қазақстанда, Ресейде. Біз Дубайда дамып келе жатырмыз және бізге жаңа серіктестермен бизнесті ашу керек», - деп айтты қазақстандық павильонға келуші, «AT WORLD Holding» компаниясының өкілі Махмуд Шалаш.

Өз кезегінде «Task Force» украиналық компанияның басшысы Станислав Горбачевский Қазақстан еліне әрқашан қызып келгенін жеткізді.

«Қазақстан Республикасы мен үшін әрқашан қызық болатын. Қазақстанда украиндік бизнес өте көп, көптеген украиндіктер жұмыс істеп жатыр, яғни қарым-қатынас жеткілікті жақсы, сондықтан мен павильонға Қазақстандағы doing business процестері туралы көбірек білу үшін келдім және мүмкін біз ортақ түйісу нүктелерімізді табамыз», - деді «Task Force» украиналық компанияның басшысы Станислав Горбачевский.

«Kazakh Invest» ұйымдастырған Қазақстан павильонының жұмысы Дубайда «Annual Investment Meeting» екінші өткізу күні бүгін де жалғасады. Одан басқа, бүгін Қазақстанның АІМ сессиясының аясында инвестициялық мүмкіндіктерінің презентациясы, сонымен қатар «Kazakh Invest» басшылығының ең ірі араб компанияларының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулерді өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Annual Investment Meeting (AIM) әлемде халықаралық инвестициялық қоғамдастықтың диалогтық алаңшасы ретінде әйгілі ірі жыл сайынғы инвестициялық конференция болып табылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер