Дiн нәзiк, сезiмтал салаға айналды – Дiнтанушылар конгресi  - Үкімет|02 Мамыр 2017, 10:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Дiн нәзiк, сезiмтал салаға айналды – Дiнтанушылар конгресi 

Қазiргi таңда дiн нәзiк, сезiмтал салаға айналып отыр. Бұл туралы «Қазақстан дiнтанушылар конгресi» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Бақытжан Сатершинов Үкiмет отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Жалпы руханият саласында осы уақытқа дейiн адамзаттық құндылықтарды таратып келген дiннiң орнын дұрыс түсiну өте маңызды. Қазiргi кезде бiз байқап отырмыз, әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде дiни проблемалар өзектi болып отыр. Және ол өте бiр нәзiк, сезiмтал салаға айналып отыр. Қоғамда дiншiлдiктiң деңгейi артып отыр. Дiни ағымдардың кейбiр өкiлдерi дiндi диструктивтi мақсатта қолдануға тырысып отыр. Сондықтан, Қазақстанда, елiмiзде дiни экстремизм қаупi туындауда. Осы орайда, дiн саласында дұрыс және тиiмдi мемлекеттiк саясатты қалыптастыру маңызды мiндет болып саналады. Тұжырымдаманың әзiрленуi осындай өзектiлiктен туындады», - дедi Сатершинов.

Атап өтсек, бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев экстремизммен күрес мәселелерiне арналған тұжырымдама ұсынған болатын. Тұжырымдамада орта мерзiмге арналған дiн саласындағы мемлекеттiк саясаттың тұтас тұжырымдамалық пайымы көрсетiлген.

Бүгiнгi отырыста ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев тұжырымдаманың қоғамға қажет екендiгiн және өңiрлерде дiн туралы дұрыс ақпарат беру жұмысын күшейту керектiгiн атап өттi.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
02 Қазан 2017, 09:57
Пенде сыры
Пікірлер