Депутаттар Елбасының есімін Астанаға беруді ұсынды - Үкімет|23 Қараша 2016, 11:26
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Депутаттар Елбасының есімін Астанаға беруді ұсынды

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» жобасында Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсету ұсынылған. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі болуы тиіс. Жоғарыда жарияланғандарды ескере отырып, елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей еңбегін атап өтуді, Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсетуді ұсынамыз», - деді депутат.

Осылайша, Қуаныш Сұлтанов Елбасының еңбегін одан әрі жоғары бағалауға болатындығын атап өтті.


«Біздің тұтас мақсатымыз - Елбасы төңірегіне топтасып, ең қымбат қазынамыз Тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, жаңа ұрпақтарымызға аманаттап, мәңгілік ел құндылықтарын қастерлеу. Тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз болған, қазір де солай және болашақта да бола бермек», - деп түйіндеді сөзін ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер