Дәурен Абаев жаңа телеарнаның қалай жұмыс істейтінін айтты - Үкімет|07 Ақпан 2017, 13:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Дәурен Абаев жаңа телеарнаның қалай жұмыс істейтінін айтты

Наурыз айында іске қосылатын жаңа телеарнаның атауы «Ел арна» болуы мүмкін. Мұнда тек қазақстандық кинолар, сериалдар мен деректі фильмдер көрсетіледі. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Наурыз айынан бастап біз жаңа телеарнаны іске қосамыз. Оның атауы «Ел арна» болуы мүмкін. Онда тек қазақстандық киноларды, сериалдарды және басқа деректі фильмдерді көрсетеміз. Ешқандай бағдарлама болмайды. Тек 6 сағаттық көрсетілім болады. 6 сағаттан кейін қайталау іске қосылады. Яғни барабан әдісі қолданылады. Менің ойымша, бұл Наурыз айында елге арналған үлкен сый болмақ», - деді министр.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев наурыз айында жаңа кинотелеарна іске қосылатынын айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
Пікірлер