Астанадағы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Алқа отырысында Конституциялық Кеңестің төрағасы, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-министр кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Кездесу барысында ведомства өкілдері 2016 жылғы жұмысты қорытындылап, 2017 жылдың басым міндеттерін айқындайды. Әділет министрінің орынбасарлары, Жауапты хатшы ведомствоның жетекшілік ететін бағыттары бойынша баяндама жасайды.
Кеңейтілген алқа отырысы министрліктің «adilet.gov.kz» ресми сайтында және Baq.kz, «Bnews» ақпарат агенттіктерінде онлайн режимде таратылып жатыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!