Б.Сағынтаев: Үкімет Конституциялық реформаны жүзеге асыруды бастады - Үкімет|03 Ақпан 2017, 19:27
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Б.Сағынтаев: Үкімет Конституциялық реформаны жүзеге асыруды бастады

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. Оның барысында Қазақстанның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары қарастырылды, деп хабарлады Baq.kz тілшісі.

Өз сөзінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, Үкіметтің арнайы отырысы өткізілгенін мәлімдеді, оның барысында экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үшін нақты шаралар жоспары айқындалды.

Сонымен қатар, Үкімет Конституциялық реформаны жүзеге асыруды бастады. Осыған орай мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіліктерді бөлу бойынша сәйкес заң жобасы әзірленуде.

«Әлем экономикасындағы күрделі жағдайларға қарамастан, өткен жылды біз оң нәтижелермен аяқтадық, ЖІӨ өсімі 1% құрады. Оған бірінші кезекте Сіздің дағдарысқа қарсы тиісті бағдарламаларды қабылдау жөніндегі тапсырмаңыздың арқасында қол жеткіздік. Жалпы, Үкімет экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық тапсырмаларыңызды орындады», - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау биылғы жылы Үкіметтің негізгі міндеті болып табылатынын атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер