Б.Сағынтаев пен А.Абдулла екіжақты ынтымақтастық жайын талқылады - Үкімет|03 Қараша 2016, 12:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Б.Сағынтаев пен А.Абдулла екіжақты ынтымақтастық жайын талқылады

Фото: primeminister.kz

Бүгін Бішкекте ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Ислам Республикасы Атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен кездесті. Кездесу ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің жұмысы аясында өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тараптар сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы және өңірлік қауіпсіздіктегі екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

Мәлім болғандай, Қазақстан Ауғанстанға практикалық қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Атап айтқанда, Қазақстан трансшекаралық темір жол желілерін кеңейту, CASA-1000 электр энергиясын өткізудің жоғарғы вольтті желілері және Орталық Азия елдерінен оңтүстік бағыттағы құбыр желісі жобаларын қоса алғанда Ауғанстанның қатысуымен өңірлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесуде.

Бұдан өзге, Қазақстан Ауғанстанға екіжақты және көпжақты деңгейде техникалық және гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Қазіргі уақытта қазақстандық оқу орындарында 994 ауған студентіне жоғары және орта кәсіптік-техникалық білім алу мүмкіндігі берілді.

ҚР Үкіметі Ауғанстанда мектептер, ауруханалар және жолдар салуға 2,3 млн доллар бөлді. 20 мың тоннаға жуық азық-түлік жеткізіп, гуманитарлық көмек көрсетті (жалпы 17 млн доллардан астам).

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мүдделердің ортақтығын ескере отырып, Ауғанстан Ислам Республикасының қатысуымен жанжалдарды реттеу және алдын алу мәселелеріне белсенді қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер