Б.Сағынтаев Назарбаев университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетімен танысты - Үкімет|07 Ақпан 2017, 21:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Б.Сағынтаев Назарбаев университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетімен танысты

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Назарбаев Университетіне барып, ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында берген тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Назарбаев Университеті - ауқымды ғылыми-білім беру экожүйесі, мұнда оқытудан бөлек, түрлі ғылыми-инновациялық зерттеулер жүргізіледі.

ҚР Президенті өз Жолдауында Қазақстанда цифрлық индустрияны дамыту экономиканың өзге салаларының да дамуына түрткі болатынын айтып өтті. Осы орайда ол негізінде жаңа, перспективалы технологиялар мен инновациялар болатын экономика өсімінің жаңа үлгісін құру туралы міндет қойды.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Президент барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды шоғырландыру қажеттігін айтты. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев оқу орнына Назарбаев Университеттің Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асырудағы мүмкіндіктерімен танысу мақсатында барды.

Бақытжан Сағынтаев университеттің оқу зертханаларында болып, студенттердің ғылыми жобалар бойынша зерттеулер жүргізетін орындарының жағдайы мен ондағы жабдықтармен танысып шықты. НУ-дың Технопаркі мен оқу орнының айналасында белсенді түрде дамып жатқан «Astana Business Campus» инновациялық кластерін аралау барысында ол осында жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобаларының нәтижелерімен танысты.

Сонымен қатар, Премьер-министр бизнес-инкубатордың, биотехнологиялық зертхананың және «Heart Stitch» физика және аккумуляторлар институты зертханаларының жұмысымен танысты.

Кейін ҚР Премьер-министрі Б. Сағынтаев Назарбаев Университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Президентінің алға қойған міндеттерін атқарудағы оқу ғимаратының рөлі туралы айтылды.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкіметтің алдына жаңа міндеттер қойды – экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру қажет. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан қоры бай саналатын шикізаттың құны соңғы екі-үш жылда өте төменгі деңгейде, және ол бізге жеткілікті экономика өсімін бермейді. Дегенмен, еліміздің міндеті 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру және осы ТОП-қа кіру үшін бізде жыл сайын 5% өсім болуы шарт. Осыған орай біз жаңа индустрияны қосып, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруымыз қажет», - деді Б. Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер