Б.Сағынтаев Исекешевке: Бүгiн жолдағы кептелiстен Үкiмет отырысы да кеш басталды - Үкімет|14 Қараша 2016, 10:29
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Б.Сағынтаев Исекешевке: Бүгiн жолдағы кептелiстен Үкiмет отырысы да кеш басталды

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Бүгiн Үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев күн тәртiбiндегi мәселелерге көшпес бұрын, елорда әкімі Әсет Исекешевтен Астана көшелерiн қардан тазалау жұмыстары қалай жүрiп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бүгiн таңертең жұрттың бәрi жауған қарға байланысты жұмысқа кешiгiп келiп жатыр. Бiздiң де отырысымыз кеш өтуде. Бүкiл қала тұрып қалды. Ешқандай дайындық болмаған секiлдi. Жағдай қазiр қалай?», - деп сұрады Үкiмет басшысы Астана әкiмi Әсет Исекешевтен.

Қала әкiмi өз сөзiнде қар тазалау жұмыстары түнi бойы жүргiзiлгенiн айтты.

«Шын мәнiнде, бүгiн ауа райы күрт өзгердi. Бiз дайындалдық. Түнi бойы сағат екiден бастап қар тазалау жұмыстары жүрдi. Негiзiнен, қазiр жолдар таза. Қар көп түскендiктен,қалада үлкен көлiк кептелiсi орын алды. Барлығы реттеледi», - дедi ол.

«Әсет Өрентайұлы, бұл сiздiң әкiм ретiнде қарсы алып отырған алғашқы қыс, алғашқы сынақ. Бұл жағдайдан абыройлы шығуыңызға тiлектеспiз», - дедi Б.Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер