Жаңа министр алғашқы есебін берді - Үкімет|09 Қаңтар 2017, 11:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаңа министр алғашқы есебін берді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Онда ведомствоаралық жұмыс тобының күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралары, сондай-ақ өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауды және монополияға қарсы заңдылықтың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер