Бүгiн Үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкiмдерiне жылу беру маусымын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды, хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Бүгiн Үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкiмдерiне жылу беру маусымын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды, хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Биылғы жылы қараша айы жылдағыдай емес, әрi аязды, әрi қарлы болып тұр. Оңтүстiкте қар көп, солтүстiкте аяз қаттты ерекше күшейдi. Осыған байланысты бiрқатар өңiрлерде жылу қазандықтары iстен шығып, тұрғын үйлер мен әлеуметтiк нысандарға жылу беру мәселесi тоқтап тұр. Жылу беру мәселесiн Үкiметтiң бiрқатар кеңестерiнде қарадық. Әкiмдiктер тарапынан дайындық барысы ойдағыдай деп айтылған болатын. Бiрақ соған қарамастан жоғарыда айтылғандай жағдайлар болып жатыр», - дедi Үкiмет басшысы.
Осы күндердегi қақаған аяздың салдарынан кейбiр өңiрлерде апаттық жағдайлар орын алған. Отырыста әкiмдер баяндағандай, олардың бәрi қалпына келтiрiлген. "Қазiргi уақытта жағдайды қатаң бақылауда ұстап отырмыз" деп сендiрдi Үкiмет басшысын облыс басшылары.
«Қыс ендi басталып жатыр. Жылу беру маусымын тұрақты бақылауда ұстау керек», - деп тапсырды Б.Сағынтаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!