BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Біз не істеп, не қоятынымызды халыққа түсінікті тілде жеткізуіміз керек – К.Мәсімов

Астана. 14 маусым. Baq.kz – Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов құқық қорғаушылардың аттестациясын биылдан қалдырмай, бастауды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Президенттің төрағалығымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысын қорытындылай келе, Үкімет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің «Б» корпусы үшін аттестациялауды ағымдағы жылдың аяғына дейін өткізуді тапсырды. Сол сияқты ішкі істер министрлігі де құқық қорғаушылардың аттестациясын биылдан қалдырмай, бастауы тиіс. «Бұдан бөлек, заңнаманы өзгертуді қажет етпейтін мәселелерді пысықтап алған дұрыс. Сосын «Жергілікті полиция туралы» заңды әзірлеу керек. Бұл жұмысты әкімдермен бірлесіп, атқару қажет. Бізге алға қарай жүру керек. Дегенмен, не істеп, не қоятынымызды халыққа жан-жақты әрі түсінікті тілде жеткізіп отыруымыз қажет. Бұл – өте маңызды мәселе. Министрлер мен әкімдерге қорықпай, бәрін түсінікті етіп жеткізу керек», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Президенттің төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысы өтті. Сол жерде Н.Назарбаев тиісті тапсырмалар берген болатын.

ФОто:today.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер