Біртанов: Әр адамға кешенді норматив шығыс құны – 1070 теңге - Үкімет|04 Қыркүйек 2018, 10:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Біртанов: Әр адамға кешенді норматив шығыс құны – 1070 теңге

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) сапасын жақсарту бойынша шаралар туралы баяндау барысында елімізде жан басына шаққандағы нормативтің орташа құнын айтты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Біртановтың айтуынша, МСАК қаржыландыруға байланысты 2010 жылы бюджет арқылы жүзеге асырылды және соның аясында өңірлерде әртүрлі жан басына шаққандағы нормтивтер болған.

«Шығыстарды теңестіру үшін 2010 жылы Қазақстанда кешенді жан басына шаққандағы нормативтің бірыңғай жүйесі, сондай-ақ ынталандыру бөлігі енгізілді. 2016 жылдан бастап қаржыландыруды республикалық деңгейде шоғырландыру жүзеге асырылды. 2017 жылы мектеп медицинасына арналған шығыстар, 2018 жылы тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстар қосылды. Солардың есебімен жан басына шаққандағы кешенді нормативтің орташа құны 1070 теңгені құрады», - деді министр.

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша МСАК жекелеген адамдардың, отбасылар мен қауымдастықтың ұлттық денсаулық сақтау жүйесімен байланыста болуының бірінші деңгейі болып табылатынын және тиісінше МСАК адамдардың тұратын және жұмыс істейтін жеріне барынша жақын болуы тиіс екенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр медициналық көмек көрсетудің жаңа 4 кешенін атады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
28 Желтоқсан 2018, 20:48
Құны түскен атақ
Пікірлер