Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz.
Әлеуметтік желіде жариялаған құттықтауында министр бұл мерекенің Қазақстан халқы үшін маңызы зор екеніне тоқталды.
«Барша халқы бір атаның баласындай ұйысып, ынтымағы ырысқа ұласқан еліміз үшін бұл мерекенің қашанда маңызы зор, мәні терең.
Елімізде орнаған бірлік пен татулық, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - бүгінге дейін қол жеткізген барлық жетістіктеріміздің алтын арқауы.
Осынау мерекеде баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін
Бірлігіміз нығая берсін, еліміздің іргесі берік болсын!», - деді өз құттықтауында Д.Абаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!