Биылғы оқу жылында айтарлықтай өзгерiс болмайды – Сағадиев - Үкімет|15 Тамыз 2017, 12:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Биылғы оқу жылында айтарлықтай өзгерiс болмайды – Сағадиев

Биылғы оқу жылында 380 мың бала бiрiншi сыныпқа барады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 10,5 мың балаға көп. Үкiмет отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Биылғы оқу жылының басты ерекшелiгi - жаңа өзгерiстiң болмауы. Бiлiм саласындағы ең маңызды мәселелер бойынша шешiмдер былтырғы оқу жылында қабылданды. Биыл сол жұмыстарымызды әрi қарай жалғастырамыз. Биыл бiрiншi сыныпқа 380 мың бала барады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 10,5 мың балаға көп», - дедi Сағадиев.

Министрдiң айтуынша, қазiргi таңда 20 жаңа мектеп салынып, қолданысқа берiлдi. 1 қыркүйекке дейiн 35 жаңа мектептi iске қосу көзделiп отыр. Күрделi жөндеу жоспарланған 300 мектептiң 110-да жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар, 4300 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзу басталып, 3200 мектепте жөндеу бiттi .

«Облыстар барлық жұмыс 25 тамызға дейiн аяқталады деп есеп берiп отыр. Ал студенттердi қабылдау жоспары - 345 мың адам. Бұл көрсеткiш былтырғы жылмен сәйкес келедi», - деп түйiндедi министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер