Биылғы жылдың сегiз айында 7,5 мыңнан астам шетелдiк азамат Қазақстанда емделген. Бұл туралы «Денсаулық» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланып жатқан үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев айтты, хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Үкiмет басшысы айтып өткендей, Тәуелсiздiк жылдары елiмiзде мемлекет қаражаты есебiнен 1300-ден астам жаңа денсаулық сақтау нысаны iске қосылды. Бұған қоса биылғы жылдың соңына дейiн 350-ге жуық емхана, амбулатория салу жоспарланып отыр.
«Елбасының тапсырмасы бойынша барлық облыстарда кардиохирургия бөлiмдерiнiң желiсi ашылды. Астанада медициналық кластер iске қосылды. Осылайша елiмiзде жүрекке, миға бұрын-соңды болмаған операциялар жасала бастады. Осының нәтижесiнде бүгiнде бiзге шетелден науқастар емделуге келедi. Соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша елiмiзде 7,5 мыңнан астам шетелдiк азамат емделдi», - дедi Б.Сағынтаев.
Осы жылдары халықтың орташа өмiр сүру ұзақтығы 72 жасқа жеттi. 1991 жылы қазақстандықтардың орташа өмiр сүру ұзақтығы 67 жас болған.
«25 жылда бұл көрсеткiш 5 жасқа ұлғайды. Ана өлiмi 5 есе, бала өлiмi 3 есеге азайып отыр. Осы жұмыстарды әрi қарай дамыту мақсатында елiмiзде «Денсаулық» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр», - дедi ол.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!