Биыл мұғалiм жалақысын көтеруге 62 млрд теңге бөлінеді – Қаржы министрi - Үкімет|03 Сәуір 2018, 11:05
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл мұғалiм жалақысын көтеруге 62 млрд теңге бөлінеді – Қаржы министрi

2018 жылы мұғалiмдердiң жалақысын көтеруге 62 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы Үкiмет отырысында Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Министр «2018 жылға арналған республикалық бюджеттi нақтылау туралы» заң жобасын ұсынды. Үкiмет мүшелерi заң жобасын қолдап, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев аталған заң жобасын 4 сәуiрден кешiктiрмей парламент қарауына енгiзудi тапсырды.

«... 2018 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары қаңтар айында жасалған түзетулерге сәйкес 417 млрд теңгеге және бекiтiлген бюджеттен 425 млрд теңгеге ұлғайып, 9 трлн 643 млрд теңгенi құрайды. Осы қаражат көлемiнен 292,5 млрд теңге Мемлекет басшының «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгi» және «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауларын iске асыруға бағытталады. Олардың iшiнде бiрiншi блок - адами капитал сапасын жақсартуға 106 млрд теңге бағытталмақ. Оның iшiнде мұғалiмдердiң жалақысын 30-дан 50 пайызға көтеруге 62 млрд теңге, Назарбаев университетiн одан әрi дамытуға 31 млрд теңге, мүгедектердiң күтiмiн жүзеге асыратын адамға жаңа жәрдемақы төлеуге 2,7 млрд теңге бағытталады...», - дедi Сұлтанов.

Министрдiң айтуынша, заң жобасында басқа да әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуге қаржы қарастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер