Фото: Шыңғыс ҚАППАРОВ
Елімізде 37 млн-нан астам құс бар. Оның 4,5 миллионы халықтың қолында. Оларды вакцинациядан өткізуге мемлекеттен 500 млн теңге бөлінеді. Құс тұмауының алдын алу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рахимбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Құс тұмауы туралы айтып өтейін. Қазақстанда 37 млн-нан астам құс бар. Оның 4,5 млн-ы адамдардың жеке қолында. Ал қалғаны жабық жердегі құс фабрикаларында. Олардың адамдармен байланысы шектелген», - деді ол.
Вице-министр құс тұмауының алдын алу шаралары қолға алынып жатқандығын мәлімдеді.
«Үй шаруашылығындағы құстарға тоқталайын. 4,5 млн құсты жыл сайын вакцинациядан өткізуге мемлекеттен 500 млн теңге қаражат бөлінеді. Яғни құс тұмауының алдын алу үшін уақытында тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деп түйіндеді Төлеутай Рахимбеков.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!