Фото: sputniknews.kz
Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарында солтүстік өңірлердегі жұмыс берушілермен өңіраралық бос орындар жәрмеңкелері өткізілді. Нәтижесінде 2388 отбасы солтүстік өңірлерде жұмысқа орналасып, ерікті түрде қоныс аударуға ниет білдірді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Алдымен Біржан Нұрымбетов «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының негізі бағытына тоқталды.
«Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – азаматтардың еңбек ұтқырлығын арттыру шаралары. Үкімет ішкі қоныс аударушыларды қабылдайтын 4 облысты, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарын және шығу өңірлері ретінде 5 облысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарын айқындаған болатын», - деді ол.
Осы орайда Біржан Нұрымбетов 2017 жылы 3 облыстан солтүстік өңірге қанша отбасының өз еркімен қоныс аударғандығын атап өтті.
«Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарында Солтүстік өңірлердегі жұмыс берушілердің қатысуымен өңіраралық бос орындар жәрмеңкелері өткізілді. Нәтижесінде 2388 отбасы солтүстік өңірлерге ұсынылған жұмысқа орналаса отырып, ерікті түрде қоныс аударуға ниет білдірді», - деп түйіндеді сөзін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!