BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл бюджет есебінен 22 мың пәтер пайдалануға беріледі

Фото: ашық дереккөзден

ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Үкімет отырысында Роман Скляр 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға ақтысты шараларды мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы жылы «Нұрлы жер» бағдаралмасын іске асыру шеңберінде 12,1 млн шаршы метрден кем емес тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бюджет қаражаты есебінен 22 мыңнан астам пәтер немесе шамамен 1,3 млн шаршы метр іске қосу жоспарланды. Осы жылдың бес айы бойынша тұрғын үйдің ең көп көлемі Астана, Алматы қалаларында және Маңғыстау облысында енгізілді. Құрылыс қарқынының өсімі Алматы, ОҚО, Маңғыстау, БҚО-да байқалды. Тұрғын үйлерді енгізу қарқыны 2017 жылмен салыстырғанда төрт өңір Астана Алматы қаласында, Қызылорда мен Павлодар облысында төмендеді», - деді ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары.

Скляр 2018 жылы бағдаралманы іске асыруға респбуликалық бюджеттен 348 млрд 650 млн теңге қарастырылғанын атап өтті.

«Қаржыландырудың негізгі бөлігі тұрғын үй құрылыс салаларында инженерлік-коммуникациялық жүйе жүргізуге 69 млрд 800 млн теңге, жергілікті атқарушы органдарға жалға берілетін үйлердің құрылысына 26 млрд 900 млн теңге, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына кредит беруге 24 млрд теңге, Астана қаласына апаттық тұрғын үйлеге жіберілген қаражатты қайтаруға 20 млрд теңге қарастырылған. Жеке құрылыстардың және халықтың қарызадарын субсидиялауға 7 млрд 900 млн теңге көзделген. Тұрғын үй нысандарының инженерлік инфрақұрылымдарын уақытылы енгізу үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 69 млрд 800 млн теңге шығыстар қарастырылған. Бүгінгі таңда қаржыландыру жоспарына сәйкес қарастырылған қаражаттың 10 млрд 600 млн теңгесі аударылды. Оның 9 млрд 200 млн теңгесі немесе 86,8 пайызы игерілді. Бөлінген қаражаттың төмен игерілуі Астана қаласында, Қызылорда облысы мен БҚО-да байқалды», - деді вице-министр.

ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары биыл 12,1 млн шаршы метрден аз емес тұрғын үйді пайдалануға беру мақсатын есепке ала отырып барлық әкімдіктерге бөлінген қаражаттарға уақытылы игеру қажеттігін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер