Биыл мыңға жуық мемлекеттiк қызметкер парамен ұсталған  - Үкімет|20 Шілде 2017, 12:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Биыл мыңға жуық мемлекеттiк қызметкер парамен ұсталған 

Фото: Арман Мұқатов

Биыл мыңға жуық мемлекеттiк қызметкер парамен ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа куә болғандар ол туралы Агенттiкке хабарлай алады. Бұл туралы Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Биылғы жылы 900-ден астам мемлекеттiк қызметкер парамен ұсталды. Олар әртүрлi көлемде пара алған. Бiрақ, 1 млн теңгеден кем емес. Дегенмен, соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық көрсеткiшi төмендей бастады», - дедi Шайымова.

Ал қоғам қайраткерi Тәңiрберген Бердоңғаров сыбайлас жемқорлыққа итермелейтiн факторларды атады. Оның айтуынша, жемқорлық жалақы аз болғанда, басшысы заң бұзушылық жасауға мәжбүрлегенде және адам жазадан қорықпай, құтылып кетемiн деп ойлағанда жасалады.

«Сондықтан мемлекет жұмысты жақсы iстейтiндерге көбiрек жалақы төлейтiн болады. Осының арқасында мемлекеттiк қызметкер «жалақым көңiлiмнен шығады, сондықтан заңды бұзбаймын» деп ойлайтын болады. Жемқорлық жасағандарды Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi анықтайды. Осы мақсатта Агенттiк мобильдi қосымшаны iске қосып отыр», - дедi Бердоңғаров.

Тәңiрберген Бердоңғаров аталған мобильдi қосымшаға куәлар хабарласа алады дейдi. Оның айтуынша, қазiргi апараттық технология дамыған заманда кез келген заң бұзушылықты көрген адам оны гаджетке түсiрiп, Агенттiкке хабарлай алады. Мемлекеттiк қызметкердi басшылығы заң бұзушылық жасауға мәжбүрлесе, оны да диктофонға жазып, хабарлауға болады. Әр оқиға бойынша тергеу жүргiзiледi.

Айгүл Шайымованың мәлiметiнше, мобильдi қосымша өткен жылғы күзде iске қосылған. Қазiргi таңда 50 мың адам оны жүктеп алған. Мобильдi қосымша «Мемлекеттiк қызметтегi әдеп» деп аталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер