Биылғы жеті айда 2 млн 700 мың азаматтың тең жартысының, яғни 1 млн 385 мың адамның статусы нақтыланды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Мəдина Əбілқасымова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Биылғы жеті айда 2 млн 700 мың азаматтың тең жартысының, яғни 1 млн 385 мың адамның статусы нақтыланды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Мəдина Əбілқасымова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бейресми жұмыспен қамтылған халықты нормализациялау жəне оларды ел экономикасына, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру (МƏМС) жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жол картасын іске асырып жатыр. Азаматтардың статусын нақтылау МƏМС-ті енгізуге, олардың əлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қорғау мақсатында оларды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне тартуға байланысты", - деді Əбілқасымова.
Министр биылғы 7 айда азаматтардың статусын нақтылау бойынша атқарылған жұмыс нəтижесін жариялады.
"2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік дерекқорларда статусы болмаған 2 млн 700 мың адамнан бүгінгі күні 1 млн 385 мың адамның статусы нақтыланды. Олардың ішінде біріншіден, 548 мың жұмыскер еңбек шартын жасады. Олар бойынша міндетті зейнетақы жарналары түсе бастады. 13 мың кәсіпкер өз қызметін ресми түрде тіркеді. 22 мыңнан астам адам азаматтық - құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, үй жұмыскері жəне шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер ретінде анықталды. 17 мыңнан астам азамат жұмыссыз ретінде тіркелді", - деді министр.
Ведомство басшысының дерегінше, екіншіден, 84 мың адам әлеуметтік төлемдерді, ал 19 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті алушы ретінде тіркелді. 29 мың әйел жүктілікке байланысты есепке қойылды, 8700 адам 3 жасқа дейінгі баласына күтім жасап отыр.
"Үшіншіден, 642,5 мың азамат үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, тыс жерлерге кеткен адамдар, 18 жастан асқан мектеп оқушылары ретінде және басқа санаттар бойынша нақтыланды. Сондай-ақ дерекқорларда қайталанатын жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН), мерзімі өткен құжаттар анықталып жаңартылды. 2018 жылғы 25 тамыздағы жағдай бойынша дерекқорларда статусы жоқ халық саны 1 млн 322 азаматты құрайды. Бұл 2018 және 2019 жылдарға арналған жоспардың 50%-дан астамын құрап отыр", - деді Мəдина Əбілқасымова.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!