Биылғы жылдың бiрiншi жартыжылдығында «Азаматтарға арналған үкiмет» корпорациясы 21 миллионнан астам қызмет көрсеттi. Оның 14 миллионы электрондық форматта жүзеге асты. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Былтырғы жылы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы құрылды. Корпорация арқылы барлық 723 мемлекеттiк қызметтiң 548-iн немесе 76 пайызын алуға болады. Бiз бұл көрсеткiштi биылғы жылы 85 пайызға дейiн арттырамыз. Бұл дегенiмiз, адамдардың көбi мемлекеттік органдарға бармай, «Азаматтарға арналған үкiмет» операторына келетiн болады. Бiздiң фронт-кеңселерiмiз - Халыққа қызмет көрсету орталықтары. Осы орталықтарда көрсетiлетiн автоматтандырылған қызметтер сыбайлас жемқорлықпен күресте маңызды қадам саналады», - дедi Абаев.
Министрдiң айтуынша, бүкiл ел бойынша мемлекеттiк корпорациясының құрамында 350-ге жуық фронт кеңсе бар. Оларда 20 мыңнан астам қызметкер жұмыс iстейдi. Былтыр корпорация 37 миллионға жуық мемлекеттiк қызмет көрсеткен.
«Биылғы жылдың бiрiншi жартыжылдығында «Азаматтарға арналған үкiмет» 21 миллионнан астам қызмет көрсеттi. Оның 14 миллионы электрондық форматта жүзеге асты», - дедi Дәурен Абаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!