Білім гранттарының санын үш жыл бұрын жариялау керек – Сағадиев - Үкімет|15 Тамыз 2017, 11:10
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Білім гранттарының санын үш жыл бұрын жариялау керек – Сағадиев

Үкiмет отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев министрлік мамандықтарға бөлiнген гранттар санын үш жыл бұрын жариялауды ұсынатынын айта келе, ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаевтан бұл мәселенi биыл шешудi сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Оның айтуынша, экономиканың басым бағыттары бойынша бөлiнген гранттар саны тым кеш жарияланады.

«Бiзде министрлiктер мен әкiмдiктер бойынша экономиканың сұранысын анықтау және келiсу процесi өте күрделi. Сондықтан, түлек өз мүмкiндiктерiн бағалап үлгермейдi. Оған профильдi пәндi таңдап, дайындалу үшiн уақыт керек. Бiлiм және ғылым министрлiгi бiрқатар шешiм ұсынбақ. Мысалы, мамандықтарға бөлiнген гранттар санын үш жыл бұрын жариялауды ұсынамыз. Бұны негiзiнде үш жылдық бюджет аясында жасауға болады. Бақытжан Әбдiрұлы, бұл мәселенi биыл талқылап, шешу керек», - дедi Сағадиев.

Айта кетейік, Ерлан Сағадиев бүгінгі отырыста бiлiм гранттары экономиканың басым бағыттарына сәйкес бөлiнгенін атап өткен еді. Оның айтуынша, бiр мамандық бойынша жоғары балл жинаған түлектер грантқа түсе алмай қалса, басқа мамандық бойынша төмен балл жинағандар грантқа ие болып жатады.

«Осындай жағдай жылда қайталанады. Яғни, экономикалық мақсат әлеуметтiк әдiлеттiлік мәселесiмен шиеленiседi», - деді Сағадиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер